Хабар телеарнасы

Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларына жаңа жабдықтар мен киімдер берілді

15 жазғы,6 қысқы, 3 параспорттық құрамаларға жап-жаңа жабдықтар мен киімдер берілді. Олардың арасында портативті синхронды дыбыс жүйесі, нысана көздеу спортшыларына арналған қару-жарақтар да бар. Мамандар заманауи материалдарға шамамен 2 млрд теңгедей қаржы жұмсалды дейді. Тиісінше келер жылы да басқа спорт түрлерін қамту жоспарланғанын айтады. Өйткені ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарда нәтижелі өнер көрсетуі сапалы құралдарға да байланысты. 

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 
- Көп біздің спортшыларымызды халықаралық жарыстарға жібермеуі де мүмкін. Экипировкалар стандарттарға сай болмаса. Өздеріңіз білесіздер, 2024 жылы Парижде Олимпиада өтеді. Осы дайындықты осы ең заманауи құралдармен жасасақ... Енді мемлекет тарапынан қолдау, қалғаны спортсмендерге байланысты.