Хабар телеарнасы

Екібастұзда екі мыңдай оқушы қашықтан оқуға мәжбүр

Қазір жылудың температурасын көтеру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған мектептерде оқу үрдісі желтоқсанның 19-нан басталды. Жағдай біршама тұрақталған. 26 мектептің тек 4-де ғана оқушылар онлайн форматта оқып жатыр. Ал балабақшалар 100% іске қосылды. Естеріңізге сала кетсек, үш апта бұрын үш бірдей шағын аудан жылусыз қалған болатын. Бүгінде кең ауқымды коммуналдық апаттың салдары жойылып жатыр.

Сұлушаш Ибраева, білім бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы: 
- Төрт мектепте температуралық режимге сәйкес келмегендіктен бүгінгі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі мыңға жуық бала қазіргі таңда дистанциондық форматта оқып жатыр. Бір-екі күнде бұл мәселе шешіледі. 26 балабақшаның ішінде барлық балабақшалар бүгінгі таңда жұмыс атқарып жатыр. Барлық жерде температуралық режим сақталған.