Хабар телеарнасы

Елімізде блокчейн-технологиялар саласында 40 мыңнан астам маман дайындалады

Бұл салада білім алып, дағдыланған жастар технология индустриясында ірі ресурсқа айналады.

Яғни олар деректер қоры арқылы түрлі операцияларды бақылай алады. Binance академиясы еліміздегі оқытушыларды келер жылғы ақпан айынан бастап оқыта бастайды. Білім беру мамырға дейін жалғасады. Ал студенттерді оқыту 2023 жылдың қыркүйегінен басталады. Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан блокчейн технологияларды оқытуды қолға алған бірінші мемлекет.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
-Негізгі проблема – ол коррупция, екі адам немесе мемлекет пен азаматтың арасындағы нақты қаражат немесе нақты іс-әрекет жасалғанын дәлелдейтін технология. Тек индустриялық қарым-қатынаспен шектелмей, әлеуметтік саясатта да қолдануға болады.