Хабар телеарнасы

Сапасыз интернет үшін биыл операторларға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Жалпы елімізде әрбір байланыс технологиясы үшін арнайы параметрлер белгіленген. Мәселен 3G-ге секундына 1 Мбит, 4G-ге секундына 5 Мбит-тан кем болмауы тиіс. Осы сапа көрсеткіштерін бұзғандарға айыппұл салынады. Сапасыз болса да қазір елімізде ғаламторды қолданушылар қатары артып келеді. Такси басқа да сала мамандарының қолынан телефон түспейді. Министрдің айтуынша осы қарапайым әрекеттердің өзінен интернет-трафикті пайдалану яғни жүктеме артқан. Бағдат Мусин алдағы бес жылда тас жолдар тіпті туристік аймақтарда да интернет мәселесі толық шешіледі деп сендірді.