Хабар телеарнасы

Елордамызда «Бейбітшілік ағашының» ашылуы болды

Жиынға қатысқан дін өкілдерінің 30-ға жуық қолтаңбасы мен тілегі біріктірілген. Жалпы салмағы тоннаға жуықтаса, ұзындығы мен ені 6 метр. Металдан жасалған бұл ағаш, қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы түсінік қалыптастырмақ. «Тамыры терең-тарих, діңгегі берік-діні мен мәдениет. Ал бұталары-жас ұрпақ. Олардың дамуы түбінен басталмақ» , — дейді туынды авторы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Біз ашып жатқан инсталяция, біздің VII съездің мазмұнын, негізгі идеяларын жеткізіп тұр деп айтсақ артық болмайды. Баршаңызды Астанамызда осындай жаңа туындының өмірге келуімен баршаңызды құттықтаймын.