Хабар телеарнасы

Алматылық Ерлан Еспенбетов түрік әліпбиін ойлап тапты

Оның айтуынша әліпби түрік тілді халыққа ортақ таңба бола алады. Өйткені осыдан мың жарым жыл бұрын Түрік қағанаты кезінде дәл осы таңбалар пайдаланылған. Тек бұл жолы аздап жаңа таңбалар енгізілген. Жалпы 65 қаріп бар. Бір ерекшелігі оңнан солға қарай жазылады. Мамандар қазіргі таңда жаңа әліпбиді үйретуді бастап кеткен. Бүгінге дейін 3000 адам қамтылыпты. Қызығы бір сағатта кез келген адам біздің әнұранымызды жаңа таңбада жазып шыға алады. Енді зерттеушілер өз туындыларын бүкіл түркі елдеріне таныстыруды жоспарлап отыр. 

Ерлан Еспенбетов, көне түркі жазуларын зерттеуші:
-Көбісі ойлайды қиын қытайлық рун сияқты. Қытайлық рун емес. Бұрын бұл әліппені Бүкіл Евразия білген. Өйткені түрік қағанаты қытайдан Восточный Еуропаға дейін болған. Мынау Түрік жазуы. Қазақтар Түрік деп оқиды. Ал мынау Тәңірі, Теңри Тенгри. Әр түрлі диалектпен әрқалай оқуға болады.