Хабар телеарнасы

Осы желтоқсан айында дүниежүзілік араб тілі күні атап өтіледі

Мамандардың айтуынша біздің қолданыстағы сөздердің басым бөлігі осы араб тілінен енген. Діни оқулықтардан бөлек, тарихи қолжазбалардың бәрі дерлік арабша жазылған. Бертінде жасалған төте жазуда сол қаріпке негізделген. Ал қазір араб тілі қолданылу жағынан әлем бойынша бесінші орында тұр. Шамамен 300 млн адам арабша сөйлейді. 26 елде ресми түрде мемлекеттік тіл деп танылған. Араб тілі ең таза, ең бай тілдердің бірі. Егер араб тілін өзге тілге аударса, екі есе көп мәтін шығады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің бірі саналады. 2010 жылдан бері Араб тілі күні әлем бойынша аталып келеді. 

Мирас Қосыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы:
-Халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатқан студенттердің шығыстану бағытындағы студенттердің қатысуымен сонымен қатар 13 араб елдері елшілерінің өкілдері қатысуымен осы шара ұймдастырылып жатыр. Бұл шара араб елдерімен Қазақстанның мәдени-рухани байланыстарын әрі қарай арттыруына септігін тигізеді деп білеміз.