Хабар телеарнасы

Үкімет: Екібастұздағы жағдайдан барлық әкімдер қорытынды шығаруы керек

Сондай-ақ, ол салалық министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық нысандарға толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, Екібастұздағы апаттың салдарымен күреске басқа қалалардан қосымша 23 бригада тартылған. Қақаған аязда қала халқының жылусыз қалуына жол бергендер тексеру нәтижесінде анықталады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру керек. Апат қаупі жоғары объектілер бойынша жабдықтар мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек. Барлық жылу және энергия жүйесінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек.

Қазақстан азаматтығын аламын деушілер қазақ тілін, тарихын және Ата заңымызды білу міндетті болады. Тиісті талап туралы бүгін Үкімет отырысына онлайн қосылған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ал қос азаматтыққа қатысты жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр. Бұдан бөлек, Үкімет отырысында инвесторларға виза беру жеңілдетілетіні айтылды. Енді еліміздің экономикасына 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салғандарға арнаулы виза беріледі. Бұл құжат Қазақстан аумағында тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, қызметкерлер жалдауға мүмкіндік береді.