Хабар телеарнасы

Еліміздің ауыл шаруашылығында жаңа сала пайда болуы мүмкін

Яғни көміртекті атмосферадан өсімдіктер мен топыраққа ауыстыру технологиясы. Бұл көмірқышқыл газының қалдықтарын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Елордада басталған халықаралық инвесторлар апталығына қатысушылар пайдаланылмаған жерлерді осындай тәсілмен игеруді ұсынды. Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі бүгінде өзекті мәселеге айналды. Сондықтан карбон шаруашылығы арқылы жаһандық жылынудың алдын алуға да болады. Оның үстіне еліміздің көміртегі шаруашылығының әлеуеті зор екен. Себебі Қазақстанда жалпы ауданы 220 миллион гектардан астам жерге тең ауыл шаруашылығы алқаптарының тек 20% пайдаланылады. Сарапшылар ол жерлерді игерудің экологиялық қана емес, қаржылық пайдасы да бар дейді. 

Рахым Ошақбаев, қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:
-Бұл экспорттық сала. Көміртекті сіңіретін әртүрлі дақылдарды өсіру цифрландырылса, оны саудалауға болады. Егер Қытай 42 юань төлейді делік, бұл бір метрикалық тонна сіңірілген көміртегі үшін 3 мың теңге. Яғни, ол осы көміртекті өндіруге және шығаруға қабілетті болу үшін оны сатып алуға дайын. Тиісінше, бір гектар жер шамамен жылына шамамен 3-5 тонна көміртекті сіңіре алады.