01:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«АрселорМиттал Теміртау» коксохимия өндірісін жаңғырту шараларын қолға алуда

  • Категория: Қоғам
«АрселорМиттал Теміртау» коксохимия өндірісін жаңғырту шараларын қолға алуда

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургиялық комбинаттан ауаға таралатын газды азайту үшін экологиялық жобаны қолға алды.

Коксхимия өндірісі түгел жаңғыртылып, әлемнің озық үлгісімен жұмыс істейтін тазарту қондырғылары орнатылады

Шойын өндіру үшін кокс керек. Ал оны дайындау кезінде көмірден түрлі улы газ бөлінеді. Бұл зиянды қалдықтар қоршаған ортаға таралмас үшін, комбинатта жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Жоба бойынша жаңадан тазарту жүйесі салынып, газ суытатын қондырғылар толықтай жөнделеді. Соңғы үлгідегі заманауи сүзгілер орнатылады. «Бұл экологияны жақсартып, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Сурав Сенгупта, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жоба бойынша менеджері:

- Бұл жаңа технология газдың құрамынан нафталинді, күкірт қышқылын, шайырды айырып алып, ауаға таралуына жол бермейді. Сондықтан қоршаған ортаға оң әсері болатынына сенімдіміз. Еңбек қауіпсіздігі артады. Кейін тазартылған газды қайтадан комбинатқа жіберіп, өндірістік қажеттіліктерге пайдаланамыз.

Компанияның кешенді түрде жүзеге асырып жатқан экологиялық жобалары кешікпей өз нәтижесін беруі тиіс. Қазірдің өзінде тұрғындар өзгерісті байқаған.

Коксохимия өндірісін жаңғыртуға 135 миллион доллар қаржы бөлініп отыр. Жобаның алғашқы кезеңі 2022 жылдың қараша айында аяқталады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Аслан Демесбаев

Сондай-ақ...