Хабар телеарнасы

Мас күйінде көлік жүргізген әкімдерге қандай шара қолданылады?

Тек қаңтар айында осындай екі факті белгілі болды. Әдеп кодексін бұзған олар абақтыға жатып та шықты. Арасында әкімдер, білдей  департаменттің басшысы да бар. Елдің жағдайын жақсартуға тікелей жауапты тұлғалар өзіне қарасты аумақта осылай тойлатып жүрсе халық кімнен үміт күтеді? Жалпы мемлекеттік қызметшілердің бассыз әрекеттері қаншалықты бақыланады?

Қайдан үрлесін. Олай жасаса сыры бірден ашылатын еді. Дегенмен оқиға куәгерлері және дәрігерлер оның мас екенін дәлелдеп берді. Бұл кісі Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының әкімі болатын. Спирттік ішімдікке тойғаны өз алдына, көлік тізігіндегендігі тағы бар. Ұсталған соң Шалқыбай Әзірбаев мырзаның шалқуға шамасы келмей қалды. Десе де өзінің бұл қылығын дұрысқа санайтын сияқты.

Жуырда ғана еліміздің солтүстігінде мас күйінде ұйықтап қалған шенеуніктің ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аймақтағы департамент басшысы Абай Балабеков – өңірдегі бағаның қалыптасуын бақылауға жауапты тұлға. Бірақ өз басына ие бола алмай жүр. Патрульдік полиция оны аялдамадан тауып алған. Өзін ақтау үшін айтқаны – «Мен 300 грам ғана іштім».

Сол үшін енд ол қыметімен қоштасуы керек. Тәртіптік кеңес мүшелері осындай ұсын жасады.

Махаббат Самрат, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

- Абай Балабеков бірінші рет Әдеп кодексінің нормаларын бұзып отырған жоқ. Оның алдында 2020 жылы мас күйінде көлік тізгіндеген және өз көлігін мас адамға жүргізуге мүмкіндік берген.

Ертіс өңірінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері ішімдікке сылқия тойып, көлік жүргізген шенеуніктермен күресу үшін соттармен берік байланыс орнатты. Екіжақты меморандум аясында заң бұзған шенеуніктер туралы ақпарат департаментке түсіп, кейін шара қолданады. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік этиканы бұзғандар салада еңбек етпеуі тиіс. Өткен жылдың өзінде төрт қызметші ұсталған. 

Руслан Иманқұлов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы:

- Лауазымдары – бас мамандар. Ауылдық округтың бас маманы. Біреуі Павлодар болысы діни істер басқармасының, Павлодар облысы құрылыс басқармасының бас маманы және Шығыс Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі  

Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде әкімдер халыққа ашық болуы әрі жақын болуы керек. Бірақ бұл іс жүзіне келгенде жергілікті тұрғындар былай тұрсын, тілшілердің өзіне әлі күнге оңайға соқпай тұр. «Әкім» телебағдарламасының жүргізушісі Ақбөпе Тәңірбергеннің бұған қатысты бастан кешкен хикаялары жетерлік. Мына бейнелерден бәрі түсінікті.

Ақбөпе Тәңірберген, «Әкім» бағдарламасының жүргізушісі:

 - Жүзден астам әкіммен сұқбаттасыппын. Соның ішінде біреуін ғана халқы танып, жақсы көргенін көрдім. Тұрғындары ол әкім басқа жаққа ауысып кеткенде, хат жазып қайтадан шақырып алған. Ал өзге әкімдер халықтан өзін алшақ ұстауға тырысады. Қолында микрафоны бар журналистің әкімдікке кіруі мұң. Бір әкімдік ішінен жауып алады, біреуінің күзетшісі «лақтырып жібереді».

Осы тектес қылығы үшін олар сабасына да түсірілуде. Ресми дерек былай деп сөйлейді. 2021 жылы мемлекеттік қызметтегі 397 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде төрт аудан әкімі, 40 орталық мемлекеттік органдардың бөлімше басшылары бар. Қалған 353 адам – қызметкерлер мен түрлі дәрежедегі лауазымды тұлғалар. Мемлекеттік қызметке кір келтірген 28 басшы жылы орнын босатыпты. 

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Дана Әлиева