Хабар телеарнасы

Елорда аумағында тағы бір жағажай ашылуы мүмкін

Әзірге қала бойынша 3 жағажайда шомылуға рұқсат бар. Негізі аптап ыстықта суға сүңгіп, салқындайтын жердің көп болғаны жақсы. «Бірақ ондағы қауіпсіздік жағы алаңдатады», – дейді мамандар. Мәселен жаз басталғалы елордада 8 адам суға кетіп, ажал құшқан. Оның төртеуі – бала.

Рәтбек Демеуберген, қалалық ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы:

- Елорда тұрғындары мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау және оларды су жағасына жалғыз жібермеу қажеттігін ескертеміз. Қайғылы жағдайлардың көбі шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде тіркелген.