Хабар телеарнасы

Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясы көш бастап тұр

Қазақстанның ішкі нарығына 16 млрд кВт сағат таратылған. «Мұндай жетістікке кешенді жаңғыртулардың арқасында қол жетті», – дейді мамандар.

Болат Нұржанов атындағы Екібастұздің 1-ші мемлекеттік аймақтық электр станциясы жеті блокты режимде жұмыс істейді. Жыл басынан бері 18 млрд кВт сағат электр қуаты өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% көп.

Серік Серьянов, Электр станциясы өндірістік-техникалық басқармасының басшысы:

- Елімізде электр қуатын өндіру тапшылығы байқалады. Сондықтан жоспарды өткен жылдың межесінен асырамыз деп ойлаймын.

Соңғы жылдары электр станциясында жеті энергоблок жаңғыртудан өтті. Сегізінші блок қалпына келтіріліп жатыр. Сонымен қатар барлық энергоблок заманауи электр сүзгілерімен жабдықталған.

Ернұр Жиенбаев, Екібастұздың Болат Нұржанов атындағы 1-МАЭС бас директоры:

- Қазір күл үйінділерін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар негізгі көмекші қондырғылар жаңартылып, аймақтың экологиясына оң әсерін тигізеді.

Алдағы төрт жылда екі энергоблокта осы тектес станцияларды орнату жоспарланып отыр

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат