Хабар телеарнасы

Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 48 үй тапсырылды

Коттедж қалашығынан бой көтерген баспанаға негізінен дәрігерлер мен мұғалімдер және өзге де бюджеттік сала қызметкерлері «5-10-20» бағдарламасы бойынша қол жеткізді. Мұнда жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болатын 620 жеке тұрғын үй салу көзделген. Қазіргі таңда соның тең жартысына жуығы халық игілігіне берілді. Бұл мақсатқа 8,5 млрд теңге бөлу көзделген. Оның біраз бөлігі жергілікті бюджет қаржысы болса, қалған үйлер жеке инвестиция есебінен салынады. Алдағы жылы мұна 139 коттеджді пайдалануға беру көзделіп отыр. Соның 96-сы бюджет қаржысына салынса, қалғаны жекелеген инвестиция есебінен бой көтереді.

Жұмабала Балақаранова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Осындай ұлы мерекенің алдында адамның көңілін көншітетін мерекенің үстіне мереке болып тұр. Менің тұңғыш немерем отбасымен бірге неше жылдан бері қарай пәтерден пәтерге жалдап, берекесі кетіп жүрген. Енді пәтерлі болып жатыр.