Хабар телеарнасы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға ешқандай үміткер ұсынбайды

Ұйым мүшелері алдағы сайлауға байқаушы болу мәселесін де ашық қалдырды. «Нақты шешім партияның саяси кеңесінің келесі отырысында қабылданады», –деді партия төрағасы

Асхат Рақымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:

– Біз жаңғыруға бет бұруымыз керек. Логотипімізді ауыстыруымен ғана шектелмеуіміз қажет. Жұмыс істеу әдісімізді өзгерту керек. Партияны құру жұмыстары әрі қарай жалғасады. Шұғыл шешім қабылдайтын қабілетіміз жоқ екенін мойындауымыз керек. Саяси кеңеске партияның жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оның жобасы келесі съезде қаралатын болады.