Хабар телеарнасы

Қазақстан бойынша өткен тәулікте коронавирустан 514 адам емделіп шықты

ШҚО-да 188, Павлодар облысында 98, СҚО-да 96 адамнан коронавирус анықталған. Қостанай облысында 77, Ақмола облысында 61, Алматы қаласы мен БҚО-да 42 жағдайдан тіркелді. Ал өзге өңірлерде жұқтыру деректері одан төмен. Қазақстан бойынша өткен тәулікте коронавирустан 514 адам емделіп шықты. Пневмонияға келер болсақ, өткен тәулікте бұл індетке 44 адам шалдыққан, ал 27 адам бұл аурудан айықты.