Хабар телеарнасы

Елбасы Н. Назарбаев барлық этнос өкілдерін ел өміріне белсене атсалысуға шақырды

«Сондықтан тілімізді құрметтей отырып, еліміздің дамуына үлесін қосып жатқан басқа да отандастарымызға құрметпен қарауымыз керек», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

«Халықтың үштен бірі – түрлі этнос өкілдері. Қазақстанның жетістіктеріне қосқан олардың үлесі баршаға аян және біз осы әлеуетті одан әрі арттыруға тиіспіз. Әсіресе бұл этникалық топтар бір аумақта шоғырланған жерлерге қатысты. Бір жағынан онда осы этностардың дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту үшін тиісті жағдай жасалған. Ал екінші жағынан, осы негізде біз мәдени, лингвистикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ашық, оқшауланбаған қоғамдастықтарға қолдау көрсетуіміз керек». Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы.