Хабар телеарнасы

ҚКХП: Жұмыспен қамту бағдарламасын жетілдіру керек

«Қоғамдық ұйымдарды көптеп қатыстырып, еңбек нарығындағы нағыз қажетті мамандық түрлері әбден зерттелуі тиіс», – дейді ҚКХП өкілдері. Олардың есебінше Қарағанды облысында бір жылда «Еңбек» бағдарламасы арқылы 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Бірақ қоғамда жоғары сұранысқа ие мамандықтар ескерілмей қалған. Салдарынан медицина қызметкерлері мен мұғалім тапшылығы әлі күнге дейін өзекті. Сондай-ақ олар шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының да кемшін тұстары барын айтты.

Анатолий Баранов, ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы:

- Біз бұл бағдарламаның кейбір тұстары тиімсіз екенін көріп отырмыз. Мәселен, партиямыздың мүшелері де осы бағдарлама арқылы оқу оқығанмен, кәсіп ашу үшін ешқандай грант, несие ала алмады. Көмек қаржы қалай үлестіріледі, кімдерге беріледі, ашықтық жоқ. Ал жұмыспен қамту бағдарламасы еңбек нарығына қарай бейімделу керек. Айталық, пандемия жағдайында көрсетілетін қызметтің біраз түрі онлайн жүйесіне көшті. Келешекте көптеген мамандық түрі керек болмай қалуы мүмкін. Сондықтан әуелі барлығын зерттеу керек.