Хабар телеарнасы

Мектептердегі кезекші топтарға оқушы қабылдау үрдісі қалай жүргізіледі?

Ал ауылдарда 157 мыңнан астам бала мектепке барып оқиды. 530 мың оқушыға кезекші сынып ұйымдастырылады.

Сабақ қанша уақытқа созылады? Неше пән беріледі? Ал сыныптағы оқушы саны қанша болуы тиіс? Санитарлық талаптар қалай сақталмақ?  

Жансұлу Жұмайқызы, №83 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Бірінші сыныптар 100% оқиды. Ата-анасы ниет танытқан 2, 3 және 4-сыныптың оқушылары 15 баладан қамтылған. Ал биыл карантинге байланысты форма сақтау міндетті емес.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Қазір басты сұрақ – санитарлық талаптарды сақтау. Бетперде, антисептикалық құралдарды мектеп бере ме, әлде әр баланың өзінде болуы керек пе?

Жансұлу Жұмайқызы, №83 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Мектепке келгеннен кейін аппарат арқылы бүкіл денемізді залалсыздандырып өтеміз. Аппарат мектептің ұйымдастыруымен жасалған. Ата-ана маска және антисептикті баланың сөмкесіне салып жіберуі керек.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Кезекші сыныппен таныссақ. Оқушылар партада қалай отырады. Қанша мұғалім сабақ өткізеді.

Жансұлу Жұмайқызы, №83 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Сыныпта 15 оқушы қамтылған. Тыйым белгісі қойылған жерге оқушы отырмайды. Сабақты өздерінің сынып жетекшілері өткізеді.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Үзіліс уақытында балалардың әжетханаға баруы, тамақтануы керек. Бұл бағытта қандай жол қарастырылған?

Жансұлу Жұмайқызы, №83 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Асхана жұмыс жасамайды. Оқушылардың дәретханаға баруын сынып жетекшісімен залда арнайы кезекші мұғалімдер қадағалайды.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Мектептегі кезекші сыныпқа келген оқушыға 3 пәннен сабақ беріледі. Ол қандай пәндер?

Жансұлу Жұмайқызы, №83 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Негізгі пәндеріміз: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика пәндері.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Рахмет. Біздің түсінгеніміз: қалған орыс тілі мен ағылшын тілі сынды пәндер онлайн форматта өтеді. Сондай-ақ дене тәрбиесі, ән-күй және технология сабағы қашықтан оқытылады.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Азамат Сәметов