Хабар телеарнасы

Елордалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

HQKO

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері азаматтарды 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдайтын болады. Ал мамандандырылған ХҚКО сенбі күні қосымша 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚКО-ға кезекті 16:30-ға дейін (авто ХҚКО-ға сенбі күні 15:30-ға дейін) брондау қажет. Кезекті egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік арақашықтық және бетпер тағу тәртібі қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚКО-ға барудан бас тартқаны жөн.