Хабар телеарнасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 29% азайды

Densaulyq

Сондай-ақ соңғы үш аптада еліміздегі аурухана төсектерін пайдалану 90%-тен 47%-ке дейін азайды. Бүгінде инфекциялық-провизорлық орталықтарда 3860 орын бар. Індет өршігелі реанимациялық төсек-орындар саны бес есе артып, 151-ге жеткізілді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 шілдеде аурухана 79% толықса, 27 шілдеде 33% азайғанын айтты. Айта кетерлігі, қазір жансақтау бөліміне түсетіндер 27% төмендеген. Бір тәулікте орташа алғанда 1600 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Бірақ ем-дом нәтиже беріп, сауығып шыққандар көбейген. Көрсеткіш 63% жетті. Министр елдегі індет таратпаудың оң динамикасы әрқайсымызға байланысты екенін ескертті.