Хабар телеарнасы

Зейнетке шығу жасының өзгеретіні туралы ақпарат жалған

Zhalgan aqparat

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады stopfake.kz.

Нұрлыбек Қуақбаев есімді адамның Facebook-тегі парақшасында ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61-ге, ал әйелдер үшін 57-ге дейін қысқартылғандығы жазылған. Бұл ретте мәтін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретімен бірге берілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.