Хабар телеарнасы

ШҚО-да заңсыз қару-жарақты өткізгендерге сыйақы беріледі

ШҚО-да заңсыз қару-жарақты өткізгендерге сыйақы беріледі

Бір ерекшелігі, биыл карантин талаптарына орай өзгешеліктер бар. Тұрғындар полиция ғимаратына сабылмай-ақ өздері хабарласып, өтініш қалдыра алады. Әрі қарай рәсімдеу жұмыстарын тәртіп сақшылары ұйымдастырады. Бір аптаның ішінде өңір жұрты жалпы 120 қару өткізген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әсіресе Күршім, Алтай, Қатонқарағай, Үржар аудандары мен Семей қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Мәселен, тек Күршім ауданынында 16 қару сыйақыға қабылданған. Өскемендіктер де өздеріндегі қару жарақты өткізуге асық. Өткен жылы қалада іс-шара барысында 30-ға жуық қару тапсырылып, жалпы 2 млн теңге сыйақы берілген.