Хабар телеарнасы

2 млн-ға жуық азамат кезекті жәрдемақысын алды

Қалған 2 жарым трлн теңге – бюджеттен тыс қаражат. Осылайша бастапқы капитал жұмысбастылық деңгейін өсіруге, тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік төлемдерге, табысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы төлеуге және салықтық кірістер шығынын өтеуге бағытталады. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасын» қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Инфрақұрылымдық жобалар қолға алынып, 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ал бүгіннен бастап 42 500 теңге жәрдемақыға өтініш беру тоқтайды. Бұл туралы Еңбек және халықты қорғау министрі хабарлады. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, төтенше жағдай аяқталғанға дейін тапсырылған өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралады. Жалпы 42 500 теңге көлеміндегі кезекті әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың азамат өтініш өткізген. Осы күнге дейін 2 млн-ға жуық өтініш мақұлданып, 99 млрд теңге бөлінді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі:

- 4,5 млн адам екі ай ішінде 42 500 тг мөлшерінде төлем алды. Бұл мақсатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 380 млрд тг бөлу көзделген. Тұрғын үй құрылысын 15 млн шаршы метрге жеткізу үшін қосымша 390 млрд теңге бюджеттен тыс көзден тартылады.