Хабар телеарнасы

Ұлы Жеңіске 75 жыл: 1945 жыл 7 мамыр жылнамасы

Қамалдың коменданты генерал Нигоф басқарған гарнизон қарсылықты тоқтатып, қаруларын тастады. Жалпы осы күні жаудың 40 мыңнан астам сарбазы мен офицері тұтқындалды.

4-ші Украин майданының әскерлері Моравска Острава қаласының батыс және оңтүстік-батыс жағында шабуылдарын жалғастырды. Оның нәтижесінде Фрейденталь, Штепанов оған қоса тағы екі қала азат етілді. Сондай-ақ Вильдгруб, Шумвалд, Медлов, Хвалковице, Шмейль, Спалов, Одры, Палачов, Лешна ірі елді мекендері де ұрыс әрекеттері арқылы алынды.

1945 жылдың 7 мамырында генерал-полковник Альфред Йодль бастаған неміс делегациясы барлық майданда қарсылықсыз берілетіндігі туралы актіге қол қойды. Аталған құжат одақтас ел өкілдерінің қатысуымен Францияның солтүстік-шығысында орналасқан Реймс қаласында рәсімделді. Жеңіс күніне екі күн қалды.