Хабар телеарнасы

Берік Шәріп «СҚ-Фармация» басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Berik Sharip

Ол 2018 жылдың мамыр айынан бастап компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметімен қатар «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Еңбек жолын Астана қаласы бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының фельдшері ретінде бастаған, Астана қаласының Бірінші қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің, ЖИТС-пен күрес орталығының дәрігері болып жұмыс істеген.

Астана қаласы мен ОҚО денсаулық сақтау Департаменттеріндегі әр түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін «СҚ – Фармация» ЖШС Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, 2012 жылдан 2017 жылға дейін – «ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК стратегиялық даму жөніндегі бас дәрігердің орынбасары міндеттерін атқарды.

2017ж. тамыз айынан бастап 2018ж. мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.