Хабар телеарнасы

Қазақстан вакцина дайындауға кірісіп кетті

Қазақстан вакцина дайындауға кірісіп кетті

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мәлімдеді.

«Осындай жұмыс Одақтың басқа да елдерінде жүргізілуде. Бұл салада Ресейдің де жетістігі мол», - деді Президент.

Сонымен қатар ақпарат алмасу, індетті анықтаудың инновациялық тәсілдерін және оны емдеудің жолдарын әзірлеу, елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды жандандыра түсу керек екенін айтып өтті.