Хабар телеарнасы

Асқар Мамин: Жұмыс орындары сақталуы тиіс

Аймақ жетекшілері ірі кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдерімен бірігіп, нақты шаралар қабылдаулары тиіс. Жол картасын әзірлеп, кәсіпкерлер үшін несие көлемін ұлғайту керек. Премьер-Министр облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеуді ескертті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Ең бірінші жұмыс орындарын сақтап қалу керектігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев: «Компаниялар өздерінің жұмысшыларын қысқартпай, осындай кезде қамқорлық таныту қажет», – деді.