Хабар телеарнасы

Қостанайдағы тігін фабрикасы медициналық маскалар шығара бастады

Қажеттілік туындап жатса, өндіріс көлемін 2 есеге дейін ұлғайтуға қауқарлы. Бұған қоса емдеу мекемелерінен медициналық қорғаныш костюмін тігуге де сұраныс түскен. Жоспар бойынша тәулігіне 1500-ден аса қорғаныш костюмін шығару белгіленіп отыр. Ал медициналық маскалар Қостанай облысы мен Нұр Сұлтан қалаларында сатылады. Оны дәріханалардан және фабрика дүкенінен алуға болады.

Арсен Жетпісбаев, өндірістік кооператив төрағасының орынбасары:

- Алыпсатарлыққа жол бермес үшін маскаларды жеке адамдарға сатуға шектеу қоямыз. Мысалы, 1 адамға тек 8 данасы ғана беріледі. Ал дәріханаларға шектеу жоқ.