Хабар телеарнасы

ШҚО-да қоғамдық орындарды қардан тазартпаған кәсіпкерлерге шара қолданылмақ

Енді қала әкімдігі тазалық пен халықтың жүріп-тұруына қолайсыздық туғызған кәсіп иелеріне қатаң шара қолданбақ. Сауда үйлерінің алдындағы көлік қоятын жерлер мемлекетке қайтарылмақ. Бірақ ол үшін әкімдік әуелі кәсіпкерлерге ауладағы қарды шығару жөнінде 2 апта уақыт беріп, ескерту жасауда. Ал оған құлақ аспаған кәсіпкерлердің қарамағындағы жер қайтарылып, сол маңдағы жолдың екі жиегі кеңейтіледі. Өткен жылы қыста ауласындағы қарды шығармай, жазда тазалық сақтамаған бірнеше кәсіпкерге дәл осындай шара қолданған.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Техникалық ережелер бар. Ол жерде барлық талап толықтай жазылған. Қыстағы талап – қардан тазалау, ал жаздағы міндет – сол жерді таза сақтау. Қазіргі кезде біздің ескертуімізге құлақ аспаған 6-7 кәсіпкер бар. Сондықтан оларға шара қолданбақпыз.