Хабар телеарнасы

Екі тоннадай азық-түлік өндірушіге кері қайтарылды

Әсіресе тауардағы мәліметтің мемлекеттік тілде болмауы, өндіруші мен оны сатушы тарапынан өнімнің шыққан күні жайлы жалған ақпараттың жазылуы жиі кездескен. Ал зертханалық сараптама барысында 22 өнімнің микробиологиялық сәйкессіздігі анықталды. Тексерістен соң кәсіпкерлерге жалпы сомасы 669 мың теңгеге айыппұл салынды.

Мұхаммед Арысбаев, Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Олар көбінде ет, сүт тағамдары болады. Ет тағамдарының ішінде шұжық, бұқтырылған еттерде ішек бактериялары анықталды. Олар адам денсаулығына қауіпті болып есептеледі. Сондықтан 2 тоннадай тағамдар жеткізушілерге кері қайтарылып, жойылды.