Хабар телеарнасы

Атыраудағы әйелдер колониясының бастығы қамауға алынды

Сыбайластардың бұл әрекеті жыл бойына жалғасып отырған. Қазір ҚР ҚК 366-бабы, яғни пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жасаған қылмыстары толық дәлелденсе, колонияның жоғары лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Дегенмен олардың алдағы тағдырын тек сот шешеді.

Боранбай Ғалиев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Күдікті деп танылған Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті 157/11 мекемесінің басшысы және бас есепшісіне қатысты 2 ай мерзімге күдікпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.