Ақтөбе облысында жыл басынан бері көлік апатынан 7 адам қайтыс болды

Қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғалардың барлығы да «Самара – Шымкент» тасжолының Ақтөбеден Қызылорда өңіріне дейінгі аралығында болған. Тек қаңтар айының өзінде 6 оқиға тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе аз болғанымен, қаза тапқандардың саны көбейген.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

- Адам өлімімен болған оқиғалар түнгі мезгілде болып отыр. Осыған байланысты барлық жүргізушілерді түнгі уақытта демалуды ескертіп жатырмыз. Сонымен қатар Оркспен шекаралас жерде шетел азаматтарына арнайы жарнамалар таратып, соған байланысты іс-шаралар жүргізудеміз.