Хабар телеарнасы

Жерлеу рәсімін көрсету қызметін лицензиялау қажет

Мәселен, Алматы облысында салттық бизнесті табыс көзіне айналдырған 34 орта және шағын кәсіпкерлік нысаны мен 3 ЖШС бар. Ішкі істер және медицина саласының қызметкерлері оларға қайтыс болған адамдар туралы мәліметті сатып, сыйақы алатыны да жасырын емес. «Сондықтан ақ халаттылар мен жергілікті полиция өкілдерін ішкі қауіпсіздік қызметі арқылы тексеріп, қатаң жазалау қажет. Осылайша салттық бизнесті шұғыл түрде бір жүйеге келтіруге күш салуымыз керек», – дейді мамандар.

Жандос Жұмабаев, ҚР СЖҚІҚА Алматы облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл бағытты лицензияландыру керек деген ойдамыз. Өйткені берілген мәліметтерге сәйкес, көрінген адам тиісті жеке кәсіпкерлігін тіркеп, бұл қызметті қалай болса солай атқарып келеді.