Хабар телеарнасы

Ақтауда автобуста жүру ақысы 50-ден 70 теңгеге қымбаттайды

Алайда бұл өзгеріс барлық маршруттағы қоғамдық көлікке валидатор орнатылған соң, наурыз айынан бастап енгізілмек. Бұл туралы әкімдікте арнайы өткізілген брифингте айтылды. Жауапты мамандардың айтуынша, жеке меншіктегі автопарк иелері тарифті өсіру туралы ұсыныстарын былтырғы желтоқсан айында ұсынған. Жолақының өсуімен олар көп кешіктірмей жаңа автобустар сатып алуға уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта қала ішінде бас-аяғы 74 қоғамдық көлік жүреді. Олардың 80% тозығы жеткен.

Жетібай Құбашев, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы:

- Жаңаөзенде – 60 тг, Мұнайлы ауданында – 70 тг, ал қала мен Мұнайлы арасында қатынайтындарға – 95 тг. Біз қала ішіндегі жолақыны 70 теңгеге неге көтеріп жатырмыз. Тасымалдаушылар өздерінің парктерін жаңартады.Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлер арасында қызығушылық тудырады. Біз 18 автобус алуды жоспарлап отырмыз. «Каспий» мен біздің облыс әкімдігі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл автобустар осы 2020 жылдың ІІ жартыжылдығының аяғында келеді деген үміттеміз.