Хабар телеарнасы

Талдықорғанда Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар өткізіле бастады

Нәтижесінде сәулетші Мирлан Азмағамбетовтың жұмысы үздік деп танылды. Қоладан құйылатын Абай ескерткішінің биіктігі 6 метрден асады. Ал оның тұғыры граниттен жасалмақ. Жалпы өңірде хәкімнің 175 жылдығына арналған мәдени шаралар өткізіле бастады. Алматы облысының орталығында ұлы ақынның мерейтойына арналған 100 шақты мәдени шара ұйымдастырылады. Олардың дені – түрлі фестивальдер мен ғылыми конференциялар, байқаулар мен шығармашылық кештер.

Сәуле Арзанбекова, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары:

- Таңдаудың ең басты талабы қайталанбас көркемдік образ жасау болды. Талдықорғанда ашылатын ескерткіш өзге қалалардағыдан ерекшеленіп тұруы тиіс деген талап қойылды. Сол себепті қазылар алқасының мүшелері ақылдаса келе, сәулетші Мирлан Азмағамбетовтің жұмысын таңдап алды. Ол Абайдың қара сөз оқып отырған мүсіні болады.