Хабар телеарнасы

ШҚО-дағы 116 елді мекенге қолдау көрсетіледі

Әрі мәдениет үйлері мен жолдары жөнделеді. Аймақта 2019 жылы инфрақұрылым бағытында 3,5 млрд теңгеге сай 8 жоба қолға алынған. Сондай-ақ болашағы бұлыңғыр ауылдарды ірі елді мекендерге қосу жұмысы да жалғаспақ. Ал шекаралық аудандарды дамытуға бөлінетін қаржы туризмді жақсартуға жұмсалады.

Фархад Бельбеев, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

- Мәселен, 2019 жылы біз Күршім, Глубокое, Үржар және Көкпекті аудандарындағы 18 ауылды дамыту үшін 8 жобаны қолға алдық. Бүгінде бұл ауылдардың жолдары орташа жөндеуден өтті. Қазір бірнеше спорт кешені мен бір мәдениет үйі салынып жатыр.