Хабар телеарнасы

Ертіс өңірінде 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақы алады

Халықты ақпараттандыру тиісті деңгейде жүргізіліп, түсініспеушілік туындамаған. Жыл басынан 600-дей көпбалалы отбасы жәрдемақы алуға өтініш берген. Биыл 5700 көпбалалы отбасы әлеуметтік көмек алады. Ал былтыр жәрдемақыға ие болған отбасылар қайта құжат жинамайды. Олар жайлы мәліметтер автоматты түрде сараланып, тиісті органдарға жолданады.

Сондай-ақ көпбалалы отбасының 7 мыңнан астам баласына азық-түлік пен тазалық заттары берілмек. Былтыр 9 мыңдай отбасы АӘК алды. Мемлекет қолдауынан соң жағдайы оңалған жүздеген отбасы жәрдемақыдан бас тартқан. Биыл 2 мыңнан аса еңбекке жарамды тұрғын жұмысқа орналасады. Бұл ұсыныстан бас тартқандар жәрдемақыдан айырылады.

Гүлнәр Қамалова, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Былтыр АӘК алушылар саны 5,5 есеге артқан еді. Өсім негізінен көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы есебінен болған. Өткен жылғы тәжірибеге сүйеніп, бұл бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге келтірдік. Қазір Жұмыспен қамту орталықтарында кезек жоқ. Жәрдемақы аясындағы азық-түлікті тасымалдайтындар да анықталды.