Хабар телеарнасы

Шымкентке іссапармен барған депутаттар ұстаздармен кездесті

Шымкентке арнайы барған депутаттар қаладағы ұстаздармен кездесті. Басқосуда Президент Жолдауында айқындаған міндет-мақсаттар мен Педагог мәртебесі туралы заң сөз болды. Енді мұғалім түрлі жүктемелерден босатылады.

«Сондай-ақ мұғалімдерді күштеп газет-журналдарға жаздыруға тыйым салынады», – деді Сенаттың вице-спикері Бектас Бекназаров. Педагогтарға күш көрсетіп, қол көтергендер де жазаға тартылады. Ұстаздар үшін тағы бір жақсы жаңалық. Алдағы уақытта елде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отыр.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттің қазіргі ұстанатын саясатының бірі – бейбітшілік болатын болса, екіншісі елдің ішіндегі тәртіп пен тәрбие мәселесі. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін ең алдымен ұстазды жөндеу керек. Қазақ балаларының бойында керемет қасиет пен дарын жатыр. Біздің қанымыз таза. Біздің тегіміз таза. Ал осыны дамыту, осыны көтеру, жеткізіп жіберу – сіздердің мойындарыңызда тұрған мәселе.