Хабар телеарнасы

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды

Бұл – тарихшы Бүркітбай Аяғанның пікірі. Оның айтуынша, мақалада айтылған жоспарды орындау үшін Абай шығармалары мен ақынның өмірбаяны туралы кітаптарды қайта жаңғыртуымыз керек. Шетелдегі дипломатиялық корпус та осы бағытта сыртқы істерді тиісті деңгейде атқаруы қажет.

Айта кетейік, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Онда интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады делінген.

Бүркітбай Аяған, тарих ғылымының докторы, профессор:

- Егер мақаланы дұрыстап оқып, байқасаңыздар, онда Абайдың философиясы, гуманистік идеялары туралы жазылған. Әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарға жауап табасыздар.