Хабар телеарнасы

Алматыда 3 адам газдан уланып қайтыс болды

Бұл туралы төтенше жағдай қызметкерлері мәлімдеді. Ересек 3 адам да жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Үйді тексеру кезінде мамандар бұрын өздері орнатқан газ құбырын қосымша жылытқыш пешке қосылғанын анықтады.

Салдарынан жылытқышқа дұрыс жалғанбаған құбырдан газ төңірекке тараған. Кезекті жылыту маусымы басталғалы бері төтенше қызмет өкілдері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертіп келеді.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Аталған бөлменің вентиляциялық арнасының барлығы шүберекпен бітеулі болған. Үйдің мұржасы да бұзушылықпен орнатылған болатын. Үйдің биіктігінен 1,5 метр сақталмағандықтан, жаңағы аталған бұзушылықтар анықталды. Оған қоса үй ішіндегі газ нүктесінің құбырына қолайсыз 5 метр резеңке маталық түтігі, яғни шланг қосылған.