Хабар телеарнасы

Алматы облысындағы тұрғын үйде газ жарылды

Біреуі – бала. Ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 5 қабатты үйдің жоғарғы қабатында болған жарылыстан 4 пәтер бүлініп, қабырғалары опырылып қалған. Зардап шеккен 8 адамның 4-еуі – бала. Олар жедел жәрдеммен Қарасай аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылғы мектеп оқушысы ауруханада көз жұмды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл іс бойынша тергеу амалдары басталды. Қазір төтенше оқиға болған үйді газбен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылды. Тұрғындар газ қысымы жоғары болғанын байқаған. Қаланы газбен қамтып отырған – «АлматыГазсервис» холдингі. Бірақ әзірге олар қандай да бір түсініктеме берген жоқ.