Хабар телеарнасы

Министрлік Bek Air әуе компаниясының билеттерін алмауға кеңес берді

Ресми сайттарында «Рейстер қаңтардың 11-інен басталады» делінген. Естеріңізге сала кетейік, 12 адамның өмірін қиған апаттың алдын ала себептері қаңтардың 10-ы күні жариялануы керек. Бұл қайғылы оқиғадан кейін Bek Air әуе компаниясының эксплуатант сертификаты уақытша тоқталып, ұшақтарының ұшуына тыйым салынған еді.

Мадияр Серік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Bek Air әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқталуына байланысты министрлік тарапынан азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер алмауға кеңес береді. Жеке кәсіпкерлік болғандықтан, біз ешқандай шектеу қоя алмаймыз. Тек сертификатын алдық.