Хабар телеарнасы

Теміртаулық фельдшер желіде ән айтып танымал болды

Әріптесі оны түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Осылайша әншінің әсем дауысы бірден әлемді шарлап кетті.

Ульянаның мамандығы – фельдшер. Қазір Теміртаудағы жедел жәрдем қызметінде еңбек етеді. Ән айту – оның хоббиі. Әсіресе қазақ әндеріне жаны құмар екен. Әнді жан-тәнімен түсіну үшін қазір ол қазақ тілін үйреніп жүр. Аздап өлең жазатын өнері де бар көрінеді. Арманы – үйінен шағын студия ашу. Қазір ол күйсандық алу үшін ақша жинап жатыр. Келешекте халықаралық байқауларға қатысып, бағын сынағысы келеді. Себебі оның әлеуметтік желіге тарап кеткен әні көпшілік тарапынан қолдау тауып, Ульянаға шабыт берген.

Ульяна Кислицына, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Қазақтың әндерін сүйіп тыңдаймын және сол әндерді айтуға тырысамын. Қарақат Әбілдинаның «Асыл әжем», Ерке Есмаханның «Қайда» әндерін, сонымен бірге «Опмай-опмай», «Қызыл өрік», «Достарым менің золотой», Қайрат Нұртас та ұнайды.