Хабар телеарнасы

Педагог мәртебесі туралы заң жобасының артықшылықтары түсіндірілді

Бұл жайында Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылының тұрғындарымен кездесу барысында түсіндіріп берді. Халық қалаулылары жаңа заң мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі сипаттайтынын және мұғалімдерді материалдық қамсыздандыру, ынталандыру шаралары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы нормалардан тұратындығын атап өтті.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заман талабы тез өзгеріп жатыр. Болашақта осындай мәселелерге мейлінше көңіл аударуымыз қажет. Түйген ойдың алдағы уақытта заң жобаларын қабылдауға оң ықпалын тигізетініне сеніміміз мол.