Хабар телеарнасы

Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Атап айтқанда, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. Мұндай отбасылар бала санына байланысты ай сайын 42 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Осы мақсаттарда бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлінді.

Қазақстанда көпбалалы 343 мың отбасы бар. Оның 61% – төрт балалы, 27% – бес балалы, 9% – алты балалы. Ал 3% – жеті және одан көп баласы бар отбасылар.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес келер жылдан бастап ЖОО мен колледж студенттері шәкіртақысы 25% өсетіндігі белгілі. Бұл жағымды жаңалықтың еліміздегі 130 мыңдай студентке қатысы бар.

Ал зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляциядан 2% көтеріліп отыруы тиіс. Төлемнің мөлшері инфляцияның орташа деңгейіне қарай есептеледі.

1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 30-50%, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа 40% көбейеді. Ал әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60% шамасында артады.