Оралда жол бойына жарық шағылыстыратын элементтер орнатылды

Мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Инновациялық жоба жеке кәсіпкерлер есебінен жүзеге асуда. Мамандар: «Көп шығынды қажет етпейтін бұл технологияның адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі орасан зор», – дейді. Шамдар күндіз күннен қуат алып, түні бойы осылай жанып тұрады. Ерекше жобаның тиімділігін жүргізушілер мен қала тұрғындары да мойындап отыр. Өйткені жарыққа шағылысатын элементтерді рөлдегілер алыстан аңғарады.

Төребек Медіресов, қала тұрғыны:

- Мына жарықшалар өте тиімді, пайдалы. Балалар, немерлер өтеді, сабаққа барады. Алыстан керемет көрініп тұрады, осындай қалада көп болса екен дейміз.

Манарбек Нәжиев, БҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

- Әрине, бұл жарықтар өзінің көмегін жол қозғалысы қатысушыларына беріп жатыр. Осы көшемен жүргізушілер өз автокөліктерін басқарған жағдайда жарықты көріп, тиісті шаралар қолданып жатыр. Жаяу жүргіншілер өтіп жатыр, арнайы өтетін жер екенін де көреді.