Көкшетауда үздік жастар марапатталды

Олар – түрлі салада өз еңбегімен оқ бойы озық келе жатқан білімді де өнерлі жандар. Атап айтсақ, инновациялық идеялар байқауының жеңімпаздары, жас спортшылар мен өнерпаздар, оқуда озат студенттер және жас мемлекеттік қызметкерлер. Олардың әрқайсысына 200 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Жалпы Ақмола облысында 146 мыңға жуық жас бар. Бұл – аймақ халқының 20%. 2019 жылы өңірде 6 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасқан. 1 мыңға жуық жас кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз ісін бастады. Аймақ белсенділері енді еріктілер жұмысын жандандырмақ.

Жайнагүл Қаппасова, еріктілер ұйымының жетекшісі:

- Ауқымды жобаларды облысымызда дамытамыз. Яғни бізде Ақмола облысында қоғамдық бағыт жақсы дамыған болса, медициналық бағыт дамымаған. Яғни сол дамымаған бағыттарды облысымызда белгілі бір деңгейге жеткіземіз.