Хабар телеарнасы

Қылқан жапырақты орманды қорғау шаралары күшейтілді

Өйткені келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасыл желекті отаушылар қатары да артады. Шыршаларды табиғат қаскөйлерінен сақтау үшін әрбір орманнан шығатын жолға арнайы бекеттер қойылды. Еш рұқсатсыз орман сұлуын отаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар заңсыз әрекет үшін 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Мұнымен қатар келтірілген шығын көлемін өтейді. Әзірге өңірде браконьерлік істер тіркелген жоқ. Ал мерекелік шаралар үшін белгілі бір шырша мөлшері қарастырылған.

Арман Есентаев, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- 18 желтоқсан күні 880 шырша болды. Оның ішіндегі 344-і дайындалып, ол шыршалар мәдени іс-шараларды өткізу үшін мектептерге, балабақшаларға және оқыту мекемелеріне берілген.