Аустралияның Уэльс штатында төтенше жағдай жарияланды

Сиднейдің солтүстігінде 400 мың гектар алқап отқа оранды. Қызыл жалынды сөндіру үшін мыңнан астам маман жұмылдырылған. Алайда құрғақ ауа райы мен жел өртті сөндіруге мұрша бермей тұр. Ал синоптиктердің хабарлауынша, сынап бағанасы 40,9 градусты көрсетіп, ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Айта кетейік, Аустралия тілсіз жаудан қазан айынан бері зардап шегіп отыр. Табиғи апаттан 6 адам қаза тауып, миллионнан астам алқап пен 700-ге жуық үй жанып кетті.